Өңірлер

Атырауда дәрігерлер жүрегі екі рет тоқтап қалған адамды құтқарып қалды

20 минуттан кейін реанимациялық шаралар өз нәтижесін берді. Ер адамның жүрегі соғып, тыныс ала бастады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек –  Sputnik. Атыраудың дәрігерлері клиникалық өлім жағдайына түскен ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ATPress порталына  сілтеме жасап.

Жылыой ауданында тұратын ер адамның қан тамыры ауруы асқынып кеткен. Дәрігерлер 20 минут бойы оны клиникалық өлімнен шығаруға тырысты.

"Біз үйіне барғанда клиниклық өлімнің анық белгілері болды. Содан шұғыл реанимациялық шараларды бастап кеттік. Сол кезде пациенттің жүрегі екі рет тоқтап қалды. Алайда кәсіби медициналық көмек пен дефибрилятордың көмегімен аман алып қалдық", - дейді 22 жастағы фельдшер Ерлан Жасанов.

Жедел жәрдемнің құрамныда Айгүл Тұрабаева, Жанаргүл Заулекенова, Қадыр Ибрагим мен Ерлан Жасанов болған.

20 минуттан кейін реанимациялық шаралар өз нәтижесін берді. Ер адамның жүрегі соқты. Ал бірнеше минуттан кейін дем ала бастады. Осыдан кейін дәрігерлер оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосып, аурухана жеткізді.

"Қазіргі кезде пациент жансақтау бөлімінде қажетті ем-дом қабылдап жатыр. Жағдайы ауыр. Мен өзім ондай жағдайға бірінші рет тап болып отырмын. Науқастың денсаулығы үшін алаңдап жүрмін", - дейді жас дәрігер.

Оқи отырыңыз: