НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. 19 қыркүйекте түнде полицияға Тараз қаласының 15 шағын ауданда бір әйелдің құрылыс краны үстіне шығып, секіруге оқталып тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті.
"Оқиға орнына патрульдік экипаж дереу аттанды. Олар жоғарыды отырған әйелді бірден байқады. Полиция қызметкерлерінің бірі ойланбастан кранға шығып, әйелді төменге түсуге көндірді", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әйелдің мас екені анықталды. Полиция оны үйіне жеткізіп, профилактикалық әңгіме өткізді.
Оқи отырыңыз:
- Оқиға орнында көз жұмды: Оралда 83 жастағы зейнеткер екінші қабаттан секіріп кетті
- Жігіт парашютпен құздан секірді: бұл оның өміріндегі соңғы сәті болуы мүмкін - видео
- Өзін өлтірмек болған экс-полицей бірнеше талап қойды: оқиғаның мән-жайы