Оқиға

Таразда мас әйел краннан секірмекші болды - видео

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтумұнара краны
мұнара краны - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Жазылу
Полиция қызметкерлерінің бірі ойланбастан кранға шығып, әйелді төменге түсуге көндірді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. 19 қыркүйекте түнде полицияға Тараз қаласының 15 шағын ауданда бір әйелдің құрылыс краны үстіне шығып, секіруге оқталып тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. 

"Оқиға орнына патрульдік экипаж дереу аттанды. Олар жоғарыды отырған әйелді бірден байқады. Полиция қызметкерлерінің бірі ойланбастан кранға шығып, әйелді төменге түсуге көндірді", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Әйелдің мас екені анықталды. Полиция оны үйіне жеткізіп, профилактикалық әңгіме өткізді. 

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0