Фото

Миллиондаған шина жиналған қоқыс алаңының қазіргі күйі мен болашағы қандай – фото

Sputnik

Кейінгі жылдары Кувейттің Джахра қаласынан жеті шақырым жерде орналасқан алып алаңда шамамен 50 миллион пайдаланылған автокөлік шинасы жиналды.

Тозған шиналардан бөлінетін химиялық заттарға байланысты ол өте маңызды экологиялық мәселе саналады. Оларды жою мәселесі әлем бойынша күн тәртібінде тұр.

Парсы шығанағындағы ең бай елдің бірі – Кувейт бұл мәселені шеше бастады. Елдегі барлық тозған автокөлік шинасы осы жерге жиналады, артынша қайта өңдеуге жіберіледі.

Жақында бұл ондаған миллион ескі шина Сауд Арабиясымен шекаралас Әл-Салмиде орналасқан қайта өңдеу зауытына жіберіледі. Кәсіпорын жыл сайын үш миллионға дейін шинаны қайта өңдеуден өткізуді жоспарлап отыр.

Ескі шиналарды енді не істейтінін және қоқыс алаңының орнында не пайда болатынын біздің фотолентадан көріңіз.

1 / 8
Қоқыс тастайтын жерде шиналар 20 жыл бойы жиналған. Фотода: Кувейттегі Әл-Салми ауданындағы зауытқа өңдеуге жіберілген тозған шиналар.
2 / 8
Қоқыс үйіндісі адамдар тұратын маңнан 7 шақырым жерде орналасқан.
3 / 8
Тұрғындар көп жылдан бері өрт шыққан кезде қоқыс аумағынан қап-қара улы түтін шығатынын айтып шағымданды. Фотода: жұмысшы Кувейттегі Әл-Салми ауданындағы зауытта шинаны қайта өңдеуден өткізуге дайындап жатыр.
4 / 8
EPSCO Global General Trading – Кувейттегі шиналарды қайта өңдейтін зауыт. Олар қазір барлық шинаны Сауд Арабиясымен шекаралас Әл-Салмидегі жаңа орынға тасымалдап жатыр. Сол жерде қайта өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Фотода: мердігер Ибрахим Камал пайдаланылған шиналардың арасында тұр.
5 / 8
Кәсіпорын жылына үш миллионға дейін шинаны кәдеге жаратуды жоспарлап отыр. Фотода: Кувейттің Әл-Салми ауданындағы зауыт алдында жиналған шиналар.
6 / 8
Зауыт қызметкерлері ескі шиналарды сұрыптап, тегістейді. Содан кейін одан еден төсеніштерін жасайды.
7 / 8
Кәсіпорын ескі шиналарды қайтадан қолдануға болатын тауарға айналдыру арқылы қоғамға көмек көрсетіп жатқанына сенімді. Фотода: сириялық мердігер Ибрахим Камал Кувейттің Әл-Салми ауданындағы шина өңдеу зауытының алдындағы жүк тиегішке тапсырма беріп тұр.
8 / 8
Шина жиналған аумақ орнына жергілікті билік 25 000 жаңа үй салғысы келеді. Фотода: Кувейттің Әл-Салми ауданындағы шина өңдеу зауытының кешкі көрінісі.