Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Миллиондаған шина жиналған қоқыс алаңының қазіргі күйі мен болашағы қандай – фото

Жазылу
НовостиTelegram
Фотографтар Кувейтте орналасқан әлемдегі ең көп шина тасталған алаңды фотоға түсірді. Автокөлік шиналары қолданыстан шыққаннан кейін де әлемде маңызды экологиялық мәселе болып отыр

Кейінгі жылдары Кувейттің Джахра қаласынан жеті шақырым жерде орналасқан алып алаңда шамамен 50 миллион пайдаланылған автокөлік шинасы жиналды.

Тозған шиналардан бөлінетін химиялық заттарға байланысты ол өте маңызды экологиялық мәселе саналады. Оларды жою мәселесі әлем бойынша күн тәртібінде тұр.

Парсы шығанағындағы ең бай елдің бірі – Кувейт бұл мәселені шеше бастады. Елдегі барлық тозған автокөлік шинасы осы жерге жиналады, артынша қайта өңдеуге жіберіледі.

Жақында бұл ондаған миллион ескі шина Сауд Арабиясымен шекаралас Әл-Салмиде орналасқан қайта өңдеу зауытына жіберіледі. Кәсіпорын жыл сайын үш миллионға дейін шинаны қайта өңдеуден өткізуді жоспарлап отыр.

Ескі шиналарды енді не істейтінін және қоқыс алаңының орнында не пайда болатынын біздің фотолентадан көріңіз.

© REUTERS / Stephanie McGeheeҚоқыс тастайтын жерде шиналар 20 жыл бойы жиналған. Фотода: Кувейттегі Әл-Салми ауданындағы зауытқа өңдеуге жіберілген тозған шиналар.
Изношенные шины перед заводом по переработке шин в районе Аль-Салми, Кувейт - Sputnik Қазақстан
1/8
Қоқыс тастайтын жерде шиналар 20 жыл бойы жиналған. Фотода: Кувейттегі Әл-Салми ауданындағы зауытқа өңдеуге жіберілген тозған шиналар.
© REUTERS / Stephanie McGeheeҚоқыс үйіндісі адамдар тұратын маңнан 7 шақырым жерде орналасқан.
Изношенные шины перед заводом по переработке шин в районе Аль-Салми, Кувейт  - Sputnik Қазақстан
2/8
Қоқыс үйіндісі адамдар тұратын маңнан 7 шақырым жерде орналасқан.
© REUTERS / Stephanie McGeheeТұрғындар көп жылдан бері өрт шыққан кезде қоқыс аумағынан қап-қара улы түтін шығатынын айтып шағымданды. Фотода: жұмысшы Кувейттегі Әл-Салми ауданындағы зауытта шинаны қайта өңдеуден өткізуге дайындап жатыр.
Рабочий готовится утилизировать шину на заводе по переработке шин в районе Аль-Салми, Кувейт - Sputnik Қазақстан
3/8
Тұрғындар көп жылдан бері өрт шыққан кезде қоқыс аумағынан қап-қара улы түтін шығатынын айтып шағымданды. Фотода: жұмысшы Кувейттегі Әл-Салми ауданындағы зауытта шинаны қайта өңдеуден өткізуге дайындап жатыр.
© REUTERS / Stephanie McGehee EPSCO Global General Trading – Кувейттегі шиналарды қайта өңдейтін зауыт. Олар қазір барлық шинаны Сауд Арабиясымен шекаралас Әл-Салмидегі жаңа орынға тасымалдап жатыр. Сол жерде қайта өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Фотода: мердігер Ибрахим Камал пайдаланылған шиналардың арасында тұр.
Подрядчик Ибрагим Камаль стоит среди использованных шин, Кувейт - Sputnik Қазақстан
4/8
EPSCO Global General Trading – Кувейттегі шиналарды қайта өңдейтін зауыт. Олар қазір барлық шинаны Сауд Арабиясымен шекаралас Әл-Салмидегі жаңа орынға тасымалдап жатыр. Сол жерде қайта өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Фотода: мердігер Ибрахим Камал пайдаланылған шиналардың арасында тұр.
© REUTERS / Stephanie McGeheeКәсіпорын жылына үш миллионға дейін шинаны кәдеге жаратуды жоспарлап отыр. Фотода: Кувейттің Әл-Салми ауданындағы зауыт алдында жиналған шиналар.
Общий вид изношенных шин перед заводом в районе Аль-Салми, Кувейт  - Sputnik Қазақстан
5/8
Кәсіпорын жылына үш миллионға дейін шинаны кәдеге жаратуды жоспарлап отыр. Фотода: Кувейттің Әл-Салми ауданындағы зауыт алдында жиналған шиналар.
© REUTERS / Stephanie McGehee Зауыт қызметкерлері ескі шиналарды сұрыптап, тегістейді. Содан кейін одан еден төсеніштерін жасайды.
Рабочий на заводе по переработке шин в районе Аль-Салми, Кувейт - Sputnik Қазақстан
6/8
Зауыт қызметкерлері ескі шиналарды сұрыптап, тегістейді. Содан кейін одан еден төсеніштерін жасайды.
© REUTERS / Stephanie McGeheeКәсіпорын ескі шиналарды қайтадан қолдануға болатын тауарға айналдыру арқылы қоғамға көмек көрсетіп жатқанына сенімді. Фотода: сириялық мердігер Ибрахим Камал Кувейттің Әл-Салми ауданындағы шина өңдеу зауытының алдындағы жүк тиегішке тапсырма беріп тұр.
Сирийский подрядчик Ибрагим Камаль руководит погрузчиком перед заводом по переработке шин в районе Аль-Салми, Кувейт - Sputnik Қазақстан
7/8
Кәсіпорын ескі шиналарды қайтадан қолдануға болатын тауарға айналдыру арқылы қоғамға көмек көрсетіп жатқанына сенімді. Фотода: сириялық мердігер Ибрахим Камал Кувейттің Әл-Салми ауданындағы шина өңдеу зауытының алдындағы жүк тиегішке тапсырма беріп тұр.
© REUTERS / Stephanie McGehee Шина жиналған аумақ орнына жергілікті билік 25 000 жаңа үй салғысы келеді. Фотода: Кувейттің Әл-Салми ауданындағы шина өңдеу зауытының кешкі көрінісі.
Солнце садится на заводе по переработке шин в районе Аль-Салми, Кувейт - Sputnik Қазақстан
8/8
Шина жиналған аумақ орнына жергілікті билік 25 000 жаңа үй салғысы келеді. Фотода: Кувейттің Әл-Салми ауданындағы шина өңдеу зауытының кешкі көрінісі.
Жаңалықтар
0