НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 61 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Министрліктің ақпаратына сүйенсек, коронавирустан 56 адам, COVID белгілері бар пневмониядан 5 адам көз жұмған.
19 қыркүйектегі мәлімет бойынша 70 822 адам коронавирус инфекциясынан (62 248 КВИ+ және 8 574 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 13 095 адам стационарда, 57 727 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
- КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 041 адамның жағдайы ауыр,
- 264 адамның жағдайы өте ауыр,
- 169 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын 2 781 адам жұқтырғаны ПТР тест арқылы расталды.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау,Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары.
"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл облыстары.