Қоғам

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 61 адам қайтыс болды

© AFP 2024 / CARLA BERNHARDTМедики в защитных костюмах принимают пациента в больнице с коронавирусом
Медики в защитных костюмах принимают пациента в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2021
Жазылу
Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 284 247 адам, екіншісін 6 143 661 адам салдырды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 61 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрліктің ақпаратына сүйенсек, коронавирустан 56 адам, COVID белгілері бар пневмониядан 5 адам көз жұмған.

19 қыркүйектегі мәлімет бойынша 70 822 адам коронавирус инфекциясынан (62 248 КВИ+ және 8 574 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 13 095 адам стационарда, 57 727 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

  • КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  • 1 041 адамның жағдайы ауыр,
  • 264 адамның жағдайы өте ауыр,
  • 169 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын 2 781 адам жұқтырғаны ПТР тест арқылы расталды. 

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау,Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл облыстары.

Жаңалықтар
0