Спорт

Желіде Назарбаевтың гольф ойнап жүрген сәті жарияланды

Жастық шағында Нұрсұлтан Назарбаев күреспен шұғылданды, кейін теннис пен тау шаңғысымен сырғанауды үйренді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік желідегі парақшасында оның гольф ойнап жүрген видеосы жарияланды. 

"Гольф – Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті спорт түрлерінің бірі. Елбасы әлемге әйгілі саясаткерлермен және бизнесмендермен бірге әртүрлі халықаралық турнирлерге жиі қатысатын", - деп жазылған instagram-да.

Елбасы гольфтен басқа спорт түрімен айналысады. Жастық шағында күреспен шұғылданды, кейін теннис пен тау шаңғысымен сырғанауды үйренді. Сондай-ақ мемлекет басшысының тақымы мықты, жүзе де біледі.

Бірде Нұрсұлтан Назарбаев сурет салуға қызығушылығы артып жүргенін айтты. 

"Ұзақ өмір сүру үшін айналысатын дүниелер көп болуы керек дейді. Тіпті, зейнетке шыққан соң да шет тілдерін меңгеріп, миды жаттықтырып, ғылыми әдебиет оқып немесе сурет салу қажет. Айтпақшы, мен де сурет салып жүрмін. Маймен сала бастадым", — деді Назарбаев қазақстандық журналистерге берген сұхбатында.

Оқи отырыңыз: