НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласы тұрғынының есірткіге мас күйде көлік жүргізгені анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы патрульдік полиция полкі қызметкерлері қызмет атқару барысында күмән тудырып, алдыңғы шамдарын жақпаған жүргізушіні тоқтатқан.
Mercedes маркалы көліктің жүргізушісі тоқтаған сәтте тәртіп сақшылары өзін таныстырып, мән-жайды сұрастырған. Алайда жүргізуші есірткіге ұқсас затты пайдалану салдарынан масаң күйде болғаны анықталған.
Осыған байланысты медициналық сараптама тағайындалып, ол арнайы қабылдау орнына жеткізілді.
Жүргізушіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Оқи отырыңыз:
- Нұр-Сұлтанда аса ауыр қылмыс жасалды – полиция жолдарда бекеттер қойды
- Синтетикалық есірткі қолданатындар қандай күйге түседі – полиция видео көрсетті