Фото

Киберакула мен робот-иттер: Бейжіңде робототехника конференциясы өтті – фото

Sputnik

Мұны фантастика ақиқатқа айналған жағдай десе де болады. Бейжіңдегі робототехника конференциясына бүкіл әлемнен үш жүзге жуық сарапшы қатысты. Шара кезінде ұсынылған роботтар жаға ұстатты.

Мысалы, ғалым Альберт Эйнштейн бейнесі бойынша дайындалған робот нағыз сенсацияға айналды. Данышпанның "тіріліп кеткен" егізі жылы жүзді және сүйкімді болып көрінді. Ол көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, көз қысып, күліп, қалжыңдады және би билеп те берді.

UBTech компаниясы ұсынған киберпанда да конференциядағы ерекше экспонат болды. Ол өзінің түрлі қылығы және әрекетімен ересектердің ғана емес, балалардың да көңілінен шықты.

Ал робот-акулаға әскерилер назар аударды. Бейжіңдегі Boya Gongdao Robot Technology компаниясы ұсынған Robo-Shark дроны су астындағы ерекше тапсырмаларды орындауға арналған. Кибернетикалық балықтың ұзындығы екі метрден асады және ол сағатына 18 километр жылдамдықпен жүзе алады.

Бейжіңде өткен Дүниежүзілік робототехника конференциясындағы басқа да ғажайып экспонаттар туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

1 / 14
EXRobots компаниясы ғалым Альберт Эйнштейн бейнесі бойынша дайындаған робот-гуманоид. Данышпан физиктің механикаландырылған егізі қытай тілінде сөйлеп, қалжыңдайды, тіпті билейді.
2 / 14
Көрме жыл сайын өтеді және Қытайдың робототехника саласындағы соңғы жетістіктерін паш етеді. UBTech компаниясы ұсынған киберпанда да конференциядағы ерекше экспонат болды. Ол өзінің түрлі қылығы және әрекетімен ересектердің ғана емес, балалардың да көңілінен шықты. Қазір бүкіл БАҚ пен пабликтер панданы қызу талқылап жатыр.
3 / 14
Көрмеде адамға қатты ұқсас роботтар да болды. Бұл соның бірі. Фантаст жазушылар болашақ жайлы жазғанда дәл осындай роботтарды сипаттаған.
4 / 14
Көпшілікті таңғалдырған тағы бір жаңа техника. Робот-акулаға әскерилер назар аударды. Бейжіңдегі Boya Gongdao Robot Technology компаниясы ұсынған Robo-Shark дроны су астындағы ерекше тапсырмаларды орындауға арналған. Кибернетикалық балықтың ұзындығы екі метрден асады және ол сағатына 18 километр жылдамдықпен жүзе алады.
5 / 14
Үй жануарлары үлгісінде дайындалған роботтар. Unitree компаниясы жаңа үлгідегі төрт аяқты робот-төбетті ұсынды. Киберит ауыр заттарды көтере алады және өнімділігі жоғары.
6 / 14
DeepRobotics компаниясының мамандары да осыған ұқсас робот әзірледі. Көрме қонақтары Jueying X20 роботымен тілдесе алды.
7 / 14
Пикачуге ұқсас мұндай сүйкімді роботтар болашақта адамның таптырмас көмекшісіне айналуы мүмкін.
8 / 14
Патриоттық негізде дайындалған роботтар да бар. Мысалы, суреттегі мына робот Қытай Коммунистік партиясының тарихын айтып бере алады.
9 / 14
Компанияның бірі күн энергиясын қолдану арқылы мұхит бетін қоқыстан тазартатын роботты ұсынды.
10 / 14
Қытайдың ұлттық статистика бюросы ұсынған мәлімет бойынша, өнеркәсіптік роботтар өндірісі 2016 жылғы 72 мыңнан 2020 жылы 212 мығға дейін артты. Суретте: Бетперде киген ер адам Бейжіңдегі Дүниежүзілік робототехника конференциясы жанынан өтіп бара жатыр.
11 / 14
Бұл роботтандырылған адам қолының үлгісі. Ол Қытай ғарыш станциясында қолданылады.
12 / 14
Конференцияға әлемнің робототехника саласындағы 300-ге жуық сарапшысы қатысты.
13 / 14
Кейбір жобалар экологияның бұзылуы сынды жаһандық проблемаларды шешуге бағытталған.
14 / 14
Конференция аясында экспозициядан бөлек, сала өкілдері және ғалымдарға арналған форум ұйымдастырылды. Оған Германия, Италия, Канада, Қытай, Корея Республикасы, Ресей, АҚШ, Швейцария, Жапония және басқа елдердің сарапшылары қатысты.