Өңірлер

ҰҚК солтүстікте жалған құжат жасайтын цехты анықтады

Тінту кезінде қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдар мөрі, облыстың клиникалық-диагностикалық зертханасы мен емханасының ПТР-тест қорытындылары табылды
Sputnik

АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз көші-қон дерегін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ҰҚК солтүстікте жалған құжат жасайтын цехты анықтады

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысындағы департамент қызметкерлері Петропавл қаласы тұрғындарының пәтерінде жалған құжат жасайтын цех анықталды. Олар коронавирус пандемиясына байланысты карантин шектеуі кезінде Ресей шекарасын кедергісіз кесіп өту үшін Қазақстан азаматтарынан ақшалай сыйақы алып, жалған құжат жасаған.

Олардың диагноз бен емделу мерзімін растау үшін дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы, шетел медициналық ұйымдарынан емделуге шақыру хаттар, ПЦР-тест нәтижелерін қолдан жасағаны анықталды.

ҰҚК солтүстікте жалған құжат жасайтын цехты анықтады

Тінту кезінде қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдар мөрі, облыстың клиникалық-диагностикалық зертханасы мен емханасының ПТР-тест қорытындылары табылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 394-бабының 2-бөлігі ("адамдар тобының алдын ала сөз байласып заңсыз көші-қон ұйымдастыруы") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.