Өңірлер

ҰҚК солтүстікте жалған құжат жасайтын цехты анықтады

© Sputnik / Болат ШайхиновВременная регистрация
Временная регистрация - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Жазылу
Тінту кезінде қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдар мөрі, облыстың клиникалық-диагностикалық зертханасы мен емханасының ПТР-тест қорытындылары табылды

АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз көші-қон дерегін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

© Photo : Пресс-служба Комитета национальной безопасности Казахстана Тұрғындар пәтерінде жалған құжат жасайтын цех анықталды
ҰҚК солтүстікте жалған құжат жасайтын цехты анықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Тұрғындар пәтерінде жалған құжат жасайтын цех анықталды

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысындағы департамент қызметкерлері Петропавл қаласы тұрғындарының пәтерінде жалған құжат жасайтын цех анықталды. Олар коронавирус пандемиясына байланысты карантин шектеуі кезінде Ресей шекарасын кедергісіз кесіп өту үшін Қазақстан азаматтарынан ақшалай сыйақы алып, жалған құжат жасаған.

Олардың диагноз бен емделу мерзімін растау үшін дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы, шетел медициналық ұйымдарынан емделуге шақыру хаттар, ПЦР-тест нәтижелерін қолдан жасағаны анықталды.

© Photo : Пресс-служба Комитета национальной безопасности Казахстана Тінту кезінде қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдар мөрі табылды
ҰҚК солтүстікте жалған құжат жасайтын цехты анықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Тінту кезінде қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдар мөрі табылды

Тінту кезінде қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдар мөрі, облыстың клиникалық-диагностикалық зертханасы мен емханасының ПТР-тест қорытындылары табылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 394-бабының 2-бөлігі ("адамдар тобының алдын ала сөз байласып заңсыз көші-қон ұйымдастыруы") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0