Өңірлер

Маңғыстауда бір топ ақбөкен шұңқырға құлады - видео

Видеодан оннан астам ақбөкеннің шұңқырдан шыға алмай, ары-бері сабылып жүргенін көруге болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек — Sputnik. Қазылған орға құлаған жануарлардың видеосы 15 қыркүйекте әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрдан оннан астам ақбөкеннің шұңқырдан шыға алмай, ары-бері сабылып жүргенін көруге болады.

Олардың бірінің арқасында жара бар екені байқалады, деп жазды InAktay. 

Жануарларды шұңқырдан шығаруға жергілікті тұрғындар келді. Жол техникасының көмегімен олар қазылған жердің бір бөлігін тегістеп, ақбөкендердің шығуына жағдай жасады.

Естеріңізге сала кетейік, ақбөкендер сиреп бара жатқан жануар ретінде Халықаралық қызыл кітапқа енгізілген. Қазақстанда ақбөкендер мемлекет бақылауына алынған. 

Қазақстанның биологиялық алуан түрлілікті сақтау қауымдастығының мәліметінше, 2019 жылы жүргізілген әуе санағы бойынша Қазақстанда 334 400 бас ақбөкен бар.