НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев твиттер-аккаунтында жаңа туған ақбөкендердің суреттерімен бөлісті.
"Табиғат ештеңеге қарамастан өз заңдарымен өмір сүріп жатыр. Қазақ даласында бірнеше күннен бері ақбөкендер төлдей бастады. Әдетте, мамыр айының басынан бірнеше аптаға созылатын төлдеу кезеңі әлі аяқталған жоқ", – деп жазды министр.
Надеюсь, природа будет благосклонна к "степным антилопам" и их популяция приумножится в наших краях.
— Magzum Mirzagaliev (@MirzagalievKZ) May 11, 2020
На фотографиях новорожденные сайгачата из Акмолинской области pic.twitter.com/kjta8AfVAu
Мағзұм Мырзағалиев Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың саны өткен жылы 335 мың болғанын айтты. Төтенше жағдай кезінде ұшуды тоқтатуға байланысты ақбөкендерді әуеден бақылап, көктемгі есепке алу жүргізілмейді. Санақ күзде жүргізіледі деп жоспарланған.
"Қазір ақбөкендердің төлдеу мен көшу жерлерін инспекторлар қатаң күзетке алған. Сондай-ақ, браконьерліктің алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарымен бірге кең ауқымды "Ақбөкен" акциясы жүргізілуде. Жануарлардың жағдайын мамандарымыз мұқият назарда ұстап отыр", – деді Мырзағалиев.
Сейчас места окота и миграции сайгаков усиленно охраняются инспекторами, реализуется совместно с силовыми структурами широкомасштабная акция "Сайгак" по пресечению браконьерства. Специалисты также пристально следят за состоянием животных. pic.twitter.com/UwJRJHZ9dK
— Magzum Mirzagaliev (@MirzagalievKZ) May 11, 2020
Қазақстанда ондаған жылдан бері ақбөкен популяциясын сақтау үшін күрес жүргізіліп келді. Тіпті бір уақытта олардың саны 22 мыңға әрең жетті.
2015 жылы ақбөкендердің жартысына жуығы – 132 000 бас қырылып қалды.
2019 жылы инспектор Ерлан Нұрғалиевтің браконьерлер қолынан қаза табуы республика жұртшылығын дүр сілкіндірді. Кейіннен қорықшыны өлтірген үш қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Ал Ерлан Нұрғалиевтің жаңа туған ақбөкенді көтеріп түскен фотосуреті Қарағандыдағы тұрғын үйдің қабырғасына салынды.