НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек — Sputnik. Өткен тәулікте елімізде коронавирустан 58, коронавирустық пневмониядан 6 адам көз жұмды. Барлығы 64 адам қайтыс болды.
16 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 74 492 адам коронавирус инфекциясынан (66 006 - коронавирустан және 8 486 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 13 853 пациент стационарда, 60 639 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында:
- 1 105 адамның жағдайы ауыр,
- 321 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 194 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.