Денсаулық

Індет бір тәулікте 64 адамның өмірін жалмады

© AP Photo / Gerald Herbertмедицина қызметкері
медицина қызметкері  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Жазылу
Індет жұқтырғандар арасында 321 науқастың жағдайы өте ауыр, екі жүзге жуық адам өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек — Sputnik. Өткен тәулікте елімізде коронавирустан 58, коронавирустық пневмониядан 6 адам көз жұмды. Барлығы 64 адам қайтыс болды. 

16 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 74 492 адам коронавирус инфекциясынан (66 006 - коронавирустан және 8 486 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 13 853 пациент стационарда, 60 639 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандардың арасында:

  • 1 105 адамның жағдайы ауыр,
  • 321 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 194 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Жаңалықтар
0