Оқиға

Алматыда бірнеше көлік жол апатына түсті

Toyota Camry жол апатының алдын алу үшін үшін рөлді бұрып жіберіп, бар жылдамдықпен жол жиегінде тұрған Volkswagen Polo-ға соғылған
Sputnik

АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Алматыда Наурызбай батыр - Мәметова көшелерінің қиылысында үш көлік жол апатына ұшырады. Көліктердің бірінің жолаушысы зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматыда бірнеше көлік жол апатына түсті

Куәгерлер мен жүргізушінің айтуынша, Toyota Camry көлігі Наурызбай батырдың бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Мәметова көшесіне жетпестен, белгісіз шетелдік көлік оның жолын кесіп өткен.

Соқтығысып қалмау үшін ол рөлді бұрып жіберген, содан Toyota Camry бар жылдамдықпен жол жиегінде тұрған Volkswagen Polo-ға соғылған. Осыдан кейін Toyota Camry көлігі сырғып барып, аударылып қалған.

Алматыда бірнеше көлік жол апатына түсті

Volkswagen Polo автокөлігі алдындағы Toyota Gracia көлігін соққан.

Жол апаты салдарынан Toyota Camry жолаушысы жарақат алды. Ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Алматы көшелерінің бірінде жаяу жүргінші жолағы "жылжып" кетті 

Батыс Қазақстанда қыз алып қашқандар жантүршігерлік жол апатына ұшырады

Рудныйда КамАЗ бен Lada соқтығысты: әйел көз жұмды - видео