НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 15 қыркүйекте тұмауға қарсы вакцина егу науқаны басталады. Тұрғындарға өзі тіркелген емханаларда ресейлік "Гриппол+" препараты егіледі. Иммундау науқаны 15 қарашаға дейін созылады.
Бұл мақсатқа 2,5 миллион доза вакцина сатып алынды.
Тұмауға қарсы екпе кімге тегін егіледі:
- медицина қызметкерлері;
- жүкті әйелдер;
- медицина ұйымында диспансерлік есепте тұрған балалар;
- балалар үйлерінің, сәби үйлерінің балалары:
- қарттар үйлерінің контингенті;
- эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жұқтыру қаупі жоғары адамдар.
Тұмауға қарсы екпе қанша тұрады
Міндетті вакциналау тізіміне кірмейтін қазақстандықтар үшін вакцина құны – 2000 теңгеге жуық.
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаны тұмауға қарсы екпеден кейін кемінде 14 күн өткен соң салдыруға кеңес береді.