Денсаулық

15 қыркүйектен тұмауға қарсы вакциналау басталады: екпе кімге тегін егіледі

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі халықты тұмауға қарсы вакциналау үшін 2,5 миллион доза вакцина сатып алды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 15 қыркүйекте тұмауға қарсы вакцина егу науқаны басталады. Тұрғындарға өзі тіркелген емханаларда ресейлік "Гриппол+" препараты егіледі. Иммундау науқаны 15 қарашаға дейін созылады.

Бұл мақсатқа 2,5 миллион доза вакцина сатып алынды.

Тұмауға қарсы екпе кімге тегін егіледі:

  • медицина қызметкерлері;
  • жүкті әйелдер;
  • медицина ұйымында диспансерлік есепте тұрған балалар;
  • балалар үйлерінің, сәби үйлерінің балалары:
  • қарттар үйлерінің контингенті;
  • эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жұқтыру қаупі жоғары адамдар.

Тұмауға қарсы екпе қанша тұрады

Міндетті вакциналау тізіміне кірмейтін қазақстандықтар үшін вакцина құны – 2000 теңгеге жуық.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаны тұмауға қарсы екпеден кейін кемінде 14 күн өткен соң салдыруға кеңес береді.

Жаңалықтар
0