Фото

Жиырма жыл бұрын болған терактінің үрей мен шарасыздыққа толы кадрлары

Sputnik

Бұл кадрды көрген адам үрей мен шарасыздықты сезінеді. 2001 жылдың 11 қыркүйегі, сейсенбі әлем тарихындағы ең қаралы күнге айналды.

Жер шарындағы кез келген адамның жүрегін қан жылататын бұл оқиға болғалы биыл тура жиырма жыл толды. Бірақ төңірегінде беті ашылмаған құпия әлі жетерлік. Мысалы, сәулетшілер биік ғимараттың болат конструкциясы ұшақ соғылғаннан кейін болған өрттен балқып кетуі мүмкін емес екенін айтуда.

Сонымен қатар теракт кезінде көз жұмған адамдардың тең жартысының жеке басы анықталған жоқ. Күні кеше Нью-Йорктің бас сот-медициналық сарапшысы Барбара Сэмпсон тағы екі адамның жеке тұлғасы анықталғанын айтты.

Әлемдегі ең биік ғимараттың бірі - Дүниежүзілік сауда орталығының егіз мұнарасына террористер басып алған ұшақ соғылды. Сол сәттен бастап әлем түбегейлі өзгерді деуге болады. Осы жылдар ішінде 1 647 немесе мерт болғандардың 40%-і анықталды. Тағы 1 106 адамның кім екені белгісіз. Сэмпсон мамандар осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыратынын мәлімдеді.

19 террористен құралған топ 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та төрт жолаушылар ұшағын басып алды. Оның екеуі Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының биік мұнараларына соғылды. Тағы біреуі Америка астанасы маңындағы Пентагон ғимаратын қиратса, төртіншісі Пенсильваниядағы Шэнксвилл қаласының маңында құлады. Бұл ұшақтағы жолаушылар мен экипаж мүшелері террористерге қарсылық танытқан.

Теракт кезінде 2,9 мыңнан астам адам қаза тапты. Бұл теракт үшін жауапкершілікті "Әл-Каида"* террористік ұйымы өз мойнына алды.

*"Әл-Каида" – Қазақстанда және басқа мемлекеттерде тыйым салынған террористік ұйым.

1 / 19
Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығы ғимараттарының біріне ұшақ соғылған сәт
2 / 19
Дүниежүзілік сауда орталығындағы теракт кезінде жараланғандар жақын маңайда орналасқан Нью-Йорк банкіне жайғастырылды
3 / 19
11 қыркүйекте әлемді дүр сілкіндірген теракт кезінде опырыла құлаған ғимараттың түтіні бірнеше күн басылмады. Дүниежүзілік сауда орталығына іргелес жатқан көшенің барлығы өрт сөндіру мен қирандыларды тазартуға арналған техникаға лық толды. Адамдар ғимарат шатырына шығып, түтін бағаналарына қарап тұр
4 / 19
Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығындағы жарылыстан кейінгі кеңсе іші
5 / 19
Өрт сөндіруші Дүниежүзілік сауда орталығының ғимараты құлағаннан кейін аман қалған адамдарды іздестіріп жатыр
6 / 19
2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі теракті кезінде зақымдалған жедел жәрдем көлігі мен қирандыларға толған Нью-Йорк көшесі
7 / 19
Бойын үрей билеген адамдар Дүниежүзілік сауда орталығының бірінші ғимараты құлағалы тұрған сәтте бой тасалап қашып жатыр
8 / 19
Террористік шабуыл салдарынан опырыла құлаған 110 қабатты сауда үйінің қирандылары және оттың күлі төменгі Манхэттен көшесін жауып қалды
9 / 19
Қирап қалған мына кеңседен 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейінгі Дүниежүзілік сауда орталығының егіз ғимаратын көруге болады
10 / 19
Теракт болған сәтте Дүниежүзілік сауда орталығының жанында болған адамдар бой тасалап қашуда. 2001 жылдың 11 қыркүйегінде террористер басып алған ұшақтар қос ғимаратқа соғылған болатын
11 / 19
Тура 20 жыл бұрынғы терактіден соң қираған сауда үйінің шаңы мен күлі бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан ғимараттарды да басып қалды
12 / 19
Теракт салдарынан отқа оранып, қираған Дүниежүзілік сауда орталығы ғимаратынан бас сауғалау үшін адамдар Нью-Йорк көшелерімен қашып келеді
13 / 19
110 қабатты Дүниежүзілік сауда орталығының қирауы осы ғимарат астындағы метро тоннелінде де байқалды. 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі терактіден кейін жер астындағы бір жарым шақырым теміржол жолын қалпына келтіруге тура келді
14 / 19
Егіз ғимаратты жайлаған өрттен бой тасалау үшін адамдар сыртқы қабырға арқылы далаға шықпақ болды
15 / 19
Террористер қиратқан Дүниежүзілік сауда орталығының жанындағы дүкенде шаң мен күл басқан манекендер осы апаттан аман қалмаған адамдарды бейнелеп тұрғандай
16 / 19
Құтқарушылар қирап қалған Дүниежүзілік сауда орталығы ғимаратынан аман шыққан жаралы әйелге көмектесіп жатыр
17 / 19
Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының жанындағы шаң мен күл басқан метро жолы
18 / 19
Бұл жантүршігерлік оқиғаның салдары Нью-Йорк тұрғындарының үйінде де көрініс тапты. Көп адамның үйіндегі жиһаз бен балалар ойыншығын шаң мен күл басқан
19 / 19
Бикман-стриттегі жаяу жүргіншілер террористер шабуыл жасаған Дүниежүзілік сауда орталығының аумағынан қашып жатыр