Қоғам

3 градус үсік жүреді: синоптиктер ауа райы болжамын жариялады

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-шығысында түнде 3 градус үсік жүреді
Sputnik

АЛМАТЫ, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде 15 қыркүйекте жауын-шашын болмайды. Тек республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, батыс және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлады Қазгидромет.

Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, батыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батысында күндіз жел күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола облысының батысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында күндіз найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с-ге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-шығыс, оңтүстік-батысында күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с-ге дейін жетеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қыркүйекте ауа райы қандай болады 

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-шығысында түнде 3 градус үсік жүреді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының солтүстік-батыс және батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.