АЛМАТЫ, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде 15 қыркүйекте жауын-шашын болмайды. Тек республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, батыс және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлады Қазгидромет.
Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, батыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батысында күндіз жел күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақмола облысының батысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында күндіз найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с-ге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-шығыс, оңтүстік-батысында күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с-ге дейін жетеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда қыркүйекте ауа райы қандай болады
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-шығысында түнде 3 градус үсік жүреді.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының солтүстік-батыс және батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.