АЛМАТЫ, 13 қыркүйек – Sputnik. Үкімет қаулысы негізінде Ерлан Қожағапанов мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Мұның алдында Қожағапанов Алматы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Вице-министр қызметіне 2021 жылдың 26 сәуірінде тағайындалды.
Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
"Қыруар қаржы тиімсіз жұмсалады": депутат спорт саласындағы проблемаларды атады
Ол Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Ресей Кеден академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы бастады.
2013-2016 жылдары спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, Футбол федерациясының президенті болды.
2016 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың қарашасына дейін премьер-министрдің кеңесшісінің міндетін атқарушы, кеңесшісі қызметін атқарған.
2017-2020 жылдары мәдениет және спорт вице-министрі болды.
Қарашөкеев Тоқаев қызметінен босатқан министрді неліктен қызметке алғанын түсіндірді
2020-2021 жылдары Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Соңғы бес айда мәдениет және спорт вице-министрі болды.
Ерлан Қожағапанов премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.