АЛМАТЫ, 13 қыркүйек – Sputnik. Жақында Қарағандыда бір жылдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен Қасымхан Жұмашевтің құжаттары адам қаңқасының жанынан табылды, деп хабалады Rina.kz еріктілер қозғалысы.
Полиция мәйіттің жанынан өткен жылдың 26 тамызында жоғалып кеткен Қасымхан Жұмашевтің құжаттары болғанын хабарлады.
Кинотеатрда бармен болып жұмыс істеген 27 жастағы жігіт хабар-ошарсыз кеткен. Сол күні туыстарына досының үйінде қонақ болатынын айтқан, алайда телефонын өшіріп тастаған. Содан бері оны ешкім көрмеген.
Медициналық сараптама адам өлімінің себебін анықтайды. Оның ішінде кісі өлтіру, өзін-өзі өлтіру немесе басқа себептен қайтыс болғаны анықталады. Соған сәйкес тиісті қылмыстық бап бойынша іс қозғалады.
Оқи отырыңыз: Қалаға жуырда көшіп келген: Петропавлда 15 жастағы бала жоғалды