Қоғам

Беларусьте картопқа қойылған ескерткіш күлкіге айналды

"ВКонтакте" қолданушылары ескерткіштің формасына күліп, оны түрлі заттарға теңеген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Беларуссияның Узденск ауданында картопқа арналған ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Жаңа мүсін биік тас тұғырдан тұрады. Оның үстіне картопқа толы себетті қойылған. Ескерткіш тақтасында картоптың осы елге XVII ғасырда жеткізілгені туралы жазу бар.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сәйкес, ескерткішті дәл сол жерде орнатудың өзіндік себебі бар. Дещенко агроқалашығында жыл сайын картоп фестивальдері ұйымдастырылады. Бұрын Суворов атындағы іс-тәжірибе базасы жұмыс істеген. Институт мамандары картоптың жаңа түрлерін жасап отырды. Ал 11 жыл бұрын агроқалашықта картоп музейі ашылған болатын.

Алматылық Тиін әлеуметтік желіде пост "жазды"

Ал желіде жаңа мүсінді келемежге айналдырған адамдар аз емес. "ВКонтакте" қолданушылары ескерткіштің формасына күліп, оны түрлі заттарға теңеген. Мәселен, біреу мүсіннің пішіні "Кин-дза-дза!" фильміндегі пепелац ұшу аппаратына қатты ұқсайтынын жазған. Енді біреуі себетке қарап, түнгі горшокты еске түсірген.

Адамдар мүсіншінің фантазиясын да сынға алды. Себебі картопты себетке ешкім салмайды. Оған біреу: "Шамасы, картоп шіріп кеткеннен кейін себептке сала салған ғой", - деп жауап берген.

Талғамға талас жоқ: әлемдегі "әдепсіз" мүсіндер - фото

Айта кетейік, әлем бойынша картопқа арналған ескерткіштер көп. Германияда оның түр-түрін көруге болады. Ресейдің Кемерово облысындағы Мариинск қаласында да картопқа арналған ескерткіш бар.