Әлемнің бірқатар елінде "әдепсіз" тақырыптарға арналған мүсіндер орнатылған. Оның төңірегінде сан алуан пікірталас пен дау туындап, қоғам назарына ілікті.
Мұндай мүсіндерге қатысты пікір адамның дүниетанымы мен көзқарасына байланысты екені даусыз. Алайда оның кез келген адамның бойында түрлі эмоция тудыратыны анық. Бәлкім оларды орнатудағы басты мақсат та осы болған шығар.
Өнерді бағалаушылар арасындағы қызу пікірталасқа себеп болған мүсіндерді суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

1/12
© Depositphotos.com / Miss_vika2506
Амстердамның қызыл шамдар ауданында әйел омырауына арналған ескерткіш орнатылған.

2/12
© Sputnik / Igor chabanenko
Железновод қаласында "Машук Акватерм" шипажайының аумағында "Клизмаға" арналған қола ескерткіш. Бұл мүсінші Светлана Авакова мен Давид Бегаловтың қолынан шыққан дүние.

3/12
© AP Photo / Danny Lawson
Йоркширдегі мүсіндер саябағында суретші Дэмиен Херсттің он метрлік The Virgin Mother мүсіні.

Прагадағы "Жағымпаздық" мүсіні.

Прагадағы Франц Кафки музейінің кіреберісінде орналасқан "Дәрет сындырған ер адамдар" атты фонтан-мүсін.

Кореядағы Дәретханалар музейінің алдындағы бұл мүсіннің нені бейнелейтінін айтпаса да түсінікті болар.

7/12
© AP Photo
Брюссельдегі танымал "Дәрет сындырып тұрған бала" мүсіні.

Давид Черныдың Прагада орналасқан "Белгі" атты туындысы.

Брюссельдегі "Дәрет сындырып отырған қыз" атты мүсін.

10/12
© Depositphotos.com / Pavelyar105@gmail.com
Авьедодағы бөксе мүсіні, Испания.

11/12
© AFP 2024 / Juliana Notari
Әйел жаратылысы органының бірін еске салатын, биіктігі 33 метр, ені 16 метр және тереңдігі 6 метр өнер туындысы.

12/12
© AFP 2024 / Juliana Notari
Бұл осы мүсіннің алыстан қарағандағы көрінісі. Ол Бразилияның Пернамбуку штатында ашық аспан астындағы музейде орналасқан.
