Спорт

Евгений Павлов Африка чемпионын жеңді

Евгений Павлов ганалық тәжірибелі боксшы Исаак Сакейді техникалық нокаутпен жеңді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық боксшы Евгений Павлов (5-0, 4 КО) Нұр-Сұлтандағы "Көшпенділер шайқасы – 2" кешінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлады Prosports.kz.

Жеңілмеген қазақ боксшысы көшеде алматылықтармен жекпе-жекке шықты – видео
Оның қарсыласы ганалық тәжірибелі Исаак Сакей болды. Сакей кәсіпқой рингте 27 жекпе-жек өткізіп, оның 25-інде жеңіске жеткен. Бір кездесуде тең түсіп, бір жекпе-жекте жеңіліп қалған. Ол – WBO тұжырымы бойынша Африка чемпионы.  

Павлов пен Сакей екінші жеңіл салмақта WBA International тұжырымы бойынша аймақтық белбеуді сарапқа салды. Қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.