НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық боксшы Евгений Павлов (5-0, 4 КО) Нұр-Сұлтандағы "Көшпенділер шайқасы – 2" кешінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлады Prosports.kz.
Оның қарсыласы ганалық тәжірибелі Исаак Сакей болды. Сакей кәсіпқой рингте 27 жекпе-жек өткізіп, оның 25-інде жеңіске жеткен. Бір кездесуде тең түсіп, бір жекпе-жекте жеңіліп қалған. Ол – WBO тұжырымы бойынша Африка чемпионы.
Павлов пен Сакей екінші жеңіл салмақта WBA International тұжырымы бойынша аймақтық белбеуді сарапқа салды. Қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.