Қоғам

Вакцинадан бас тартқаны үшін зейнетақы төленбеуі мүмкін бе

Желіде Павлодар облысында зейнеткерлерді мәжбүрлі түрде вакциналағаны, одан бас тартса зейнетақыны тоқтатамыз деп қорқытқаны туралы ақпарат пайда болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек. Sputnik. Қазнет пайдаланушылары Павлодар облысында коронавирусқа қарсы вакцинациядан бас тартқан зейнеткерлерді төлемдерден айырамыз деп қорқытатынын жазуда.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазды stopfake.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, зейнеткерлер үшін COVID-19-ға қарсы екпе ерікті болып табылады және одан бас тартқаны үшін зейнетақы төлемдерінен айырылу қаупі төніп тұрған жоқ.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Вакцинация ерікті түрде жүргізіледі", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Сондай-ақ ведомство өкілдері аймақта үгіт-насихат жұмыстары барысында вакциналардың пайдасы туралы бейнероликтер көрсетілетінін, тұрғындарға коронавирустық инфекция туралы толық ақпарат ұсынылған парақшалар таратылатынын жеткізді.

Емханаларда дәрігерлер иммундауға арналған препараттардың құрамы, тиімділігі және қауіпсіздігі туралы азаматтардың сауалдарына қажетті түсініктемелер береді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды