Экономика

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
Жазылу
Бірінші қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда екі миллионнан астам  зейнеткер бар

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді. Ал орташа зейнетақы мөлшері 99 857 теңге болды, деп хабарлайды еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 547 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 1 триллион 236,7 миллиард теңге бағытталды.

"1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қосқанда) 99 857 теңгені құрады", - делінген хабарламада.

Тамыз айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,8 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақыға 68,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 153,7 миллиард теңге бөлінді.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 2 миллион 235 мың зейнеткер бар.

Жаңалықтар
0