Фото

Қоқыстан жасалған BMW, "ақылды" электрокар мен болашақтың басқа да көліктері – фото

Sputnik

Халықаралық Мюнхен автосалоны-2021 пандемия кезінде өтіп жатқан ең ірі мотор-шоуға айналды.

Танымал автосалон 6 қыркүйекте ашылды және ол 12 қыркүйекке дейін созылады.

Соңғы үш күнде кез келген адам көрмені тамашалай алады. Көрмеде автоөнеркәсіп саласындағы тиімді және келешегі зор жобаларды кездестіруге болады.

Мұнда тіпті адам ойымен басқарылатын көлік те бар. Сонымен қатар 30%-і қоқыстан дайындалған BMW i Vision Circular автокөлігі де бар.  Осылайша BMW i Vision Circular машина жасау кезінде қайталанған шикізатты тиімді пайдалану үлгісін паш етті.

Автосалонға 700-ге жуық компания қатысып отыр. Оның арасында бүкіл әлемге танымал BMW, Mercedes-Benz, Volkswagen, Renault пен Hyunda сынды автоөндірушілер бар. Сонымен қатар автомобиль жасау саласындағы ірі қытай компаниясы Great Wall Motor мен танымал Huawei компаниясы да бар.

Әлем автоөнеркәсібінің ерекше жобалары мен концептерін суреттер топтамасынан көріңіз.

1 / 25
30%-і қоқыстан дайындалған жаңа BMW i Vision Circular концепті.
2 / 25
Халықаралық Мюнхен автосалонындағы Atlas Аэро "Origin" электрлі жеке ұшағы.
3 / 25
Мюнхенде Volkswagen ID-Life концептін көрсетіп тұр — қалалық электромобиль шамамен 20 мың еуро тұрады.
4 / 25
Халықаралық Мюнхен автосалонындағы Mercedes Maybach S 680 4Matic.
5 / 25
Француздық Renault жаңа Renault Megane E-Tech Electric электромобильді ұсынды.
6 / 25
Segway Ninebot е Roller E125S электр скутерлері.
7 / 25
Германиядағы Халықаралық Мюнхен автосалонының ашылуындағы адамдар.
8 / 25
Халықаралық Мюнхен автосалонындағы Hyundai Ioniq 6 концепт-кар.
9 / 25
Германиядағы Халықаралық Мюнхен автосалонының ашылуындағы Daimler AG EQE автокөлігінің презентациясы.
10 / 25
Концепті – URBANAUT мини-кар.
11 / 25
Германиядағы Халықаралық Мюнхен автосалонының ашылуында ер адам Mercedes-Benz автомобильдерінің кабинасы мен декор элементтерін қарап тұр.
12 / 25
WEY Inest концепт-автомобилі, Great Wall Motor Ltd қытай автоөндірушісінің 2.0 нұсқасы.
13 / 25
Германиядағы Халықаралық Мюнхен автосалонында жұмысшы Ford Mustang Mach-E GT электромобилінің капотын тазалап жатыр.
14 / 25
Германиядағы Халықаралық Мюнхен автосалонының ашылуындағы көрсетілім кезіндегі Microlino 2.0 электромобилі.
15 / 25
IAA Mobility 2021 Мюнхен автосалонының қарсаңындағы Navya автобусы, Германия.
16 / 25
Германиядағы Халықаралық Мюнхен автосалонынындағы қытай автоөндірушісі Great Wall Motors (GWM).
17 / 25
Мюнхендегі Халықаралық автосалонындағы City Transformer электромобилі.
18 / 25
Мюнхендегі Халықаралық автосалонындағы iONiX қуаттау станциялары.
19 / 25
Халықаралық Мюнхен автосалонындағы Smart концепт-кар.
20 / 25
Халықаралық Мюнхен автосалонындағы MINI Vision Urbanaut концепт-кар.
21 / 25
Халықаралық Мюнхен автосалонындағы Maybach концепт-кар және EQE мен AMG EQS 53 автомобильдері.
22 / 25
Халықаралық Мюнхен автосалонындағы Volkswagen ID. Life автомобилі.
23 / 25
Volkswagen қуаттау құрылғысы.
24 / 25
Халықаралық Мюнхен автосалонындағы Hyundai Ioniq концепт-кар.
25 / 25
Smart компаниясы да өз электр кроссоверін дайындауда. Суретте: Халықаралық Мюнхен автосалонындағы Smart концепт-кар (алдынан қарағандағы көрінісі).