Халықаралық Мюнхен автосалоны-2021 пандемия кезінде өтіп жатқан ең ірі мотор-шоуға айналды.
Танымал автосалон 6 қыркүйекте ашылды және ол 12 қыркүйекке дейін созылады.
Соңғы үш күнде кез келген адам көрмені тамашалай алады. Көрмеде автоөнеркәсіп саласындағы тиімді және келешегі зор жобаларды кездестіруге болады.
Мұнда тіпті адам ойымен басқарылатын көлік те бар. Сонымен қатар 30%-і қоқыстан дайындалған BMW i Vision Circular автокөлігі де бар. Осылайша BMW i Vision Circular машина жасау кезінде қайталанған шикізатты тиімді пайдалану үлгісін паш етті.
Автосалонға 700-ге жуық компания қатысып отыр. Оның арасында бүкіл әлемге танымал BMW, Mercedes-Benz, Volkswagen, Renault пен Hyunda сынды автоөндірушілер бар. Сонымен қатар автомобиль жасау саласындағы ірі қытай компаниясы Great Wall Motor мен танымал Huawei компаниясы да бар.
Әлем автоөнеркәсібінің ерекше жобалары мен концептерін суреттер топтамасынан көріңіз.