Әлем

Ауыр сырқатқа шалдыққан ресейлік әнші қиналып жүргенін айтып берді

2000 жылдардың басында әртіс ауыр неврологиялық сырқатқа шалдықты. Сондықтан жұртпен сирек кездесіп, уақытының басым бөлігін шетелде өткізеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек — Sputnik. Ресейлік әнші Андрей Губин денсаулығы мәз емес екенін айтты. Ол ұзақ уақыт өзге елде емделіп, Ресейге оралған, деп жазады РИА Новости.

"Ішімнен шіріп жатқандаймын. Өзімді өте жаман сезінемін", - деді әртіс "Пятый каналға".

Оның айтуынша, келер жылдың мамыр айына дейін Ресейде болмақ. Сондықтан қазір баспана іздеп жүр.

Ауыр сырқатқа шалдыққан ресейлік әнші қиналып жүргенін айтып берді

Андрей Губин 2020 жылы Еуропаға емделуге кеткен. Алайда денсаулығы нашарлауына байланысты Ресейге оралуға мәжбүр болған, деп жазды жергілікті БАҚ.

Ауру өрши түскен. Оның сүйіктісі дертті жеңуге қолдау көрсетіп жүргені белгілі. 

"Мүмкін әндер жазатын шығармын", - деді Губин.

2000 жылдардың басында әнші ауыр неврологиялық сырқатқа шалдықты. Оған беттің солжақты прозопалгиясы диагнозы қойылды. Сондықтан жұртпен сирек кездесіп, уақытының басым бөлігін шетелде өткізеді.