Әлем

Ауыр сырқатқа шалдыққан ресейлік әнші қиналып жүргенін айтып берді

© Photo : LetterdesignМужчина поет со сцены
Мужчина поет со сцены  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
Жазылу
2000 жылдардың басында әртіс ауыр неврологиялық сырқатқа шалдықты. Сондықтан жұртпен сирек кездесіп, уақытының басым бөлігін шетелде өткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек — Sputnik. Ресейлік әнші Андрей Губин денсаулығы мәз емес екенін айтты. Ол ұзақ уақыт өзге елде емделіп, Ресейге оралған, деп жазады РИА Новости.

"Ішімнен шіріп жатқандаймын. Өзімді өте жаман сезінемін", - деді әртіс "Пятый каналға".

Оның айтуынша, келер жылдың мамыр айына дейін Ресейде болмақ. Сондықтан қазір баспана іздеп жүр.

© Photo : Первый канал/скрин видеоРесейлік әнші Андрей Губин
Ауыр сырқатқа шалдыққан ресейлік әнші қиналып жүргенін айтып берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
Ресейлік әнші Андрей Губин

Андрей Губин 2020 жылы Еуропаға емделуге кеткен. Алайда денсаулығы нашарлауына байланысты Ресейге оралуға мәжбүр болған, деп жазды жергілікті БАҚ.

Ауру өрши түскен. Оның сүйіктісі дертті жеңуге қолдау көрсетіп жүргені белгілі. 

"Мүмкін әндер жазатын шығармын", - деді Губин.

2000 жылдардың басында әнші ауыр неврологиялық сырқатқа шалдықты. Оған беттің солжақты прозопалгиясы диагнозы қойылды. Сондықтан жұртпен сирек кездесіп, уақытының басым бөлігін шетелде өткізеді.

Жаңалықтар
0