Қоғам

Атом электр станциясы Маңғыстауда салынатыны рас па

Қазіргі уақытта уәкілетті органдар президенттің бейбіт атомды пайдалану мүмкіндігін қарастыру туралы тапсырмасын жан-жақты пысықтап жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Әлеуметтік желілерде атом электр станциясын Маңғыстауда салу жоспарланып отыр деген ақпарат тарап жатыр.

Өңірдің қоғамдық коммуникация орталығы мұны жоққа шығарды.

"Ведомство ақпаратынша, Маңғыстау облысында атом электр станциясын салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ, - деп жазады Stopfake.kz.

Еске салсақ, президент өз жолдауында үкімет пен "Самұрық-Қазына" қорына елімізде бейбіт атомды пайдалану мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанға АЭС қажет – президент

Қазіргі уақытта уәкілетті органдар бұл тапсырманы жан-жақты пысықтап жатыр. Маңғыстау облысында атом электр станциясын салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ, деп түйіндеді қоғамдық коммуникация орталығы.