Өңірлер

Ақтөбе облысындағы трагедия: көлік жардан құлап кетті

Ақтөбе облысындағы Елек өзеніне автокөлік батып кетті, жүргізуші қаза болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысында жеңіл көлік жардан Елек өзеніне құлады. Жүргізуші суға батып кетті, жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Грузияда микроавтобус жардан құлап кетіп, 17 адам көз жұмды
Polisia.kz порталының хабарлауынша, Қандыағаш қаласының екі тұрғыны Volkswagen Passat автокөлігінде келе жатқан. Бір кезде көлік жардан Елек өзеніне құлап кеткен.

Оқыс оқиға салдарынан 59 жастағы жүргізуші суға батып кетті, ал өз бетінше судан шыққан 45 жастағы жолаушының қабырғасы сынған, ол орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

Полицейлер ауыр техниканың көмегімен көлікті өзеннен шығарды. Сараптама тағайындалды.