Қоғам

Өскемен көшесіндегі әскери техника тұрғындардың үрейін ұшырды - видео

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қандай мақсатта пайдаланатынын айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек — Sputnik. Өскемен қаласының тұрғындары әскери техника тиеген жүк көліктерінің видосын әлеуметтік желіге жүктеп жатыр. Тұрғындарды үрейлендірген кадрға қатысты әскерилер түсініктеме берді, деп хабарлайды yk-news.kz.

Қорғаныс министрлігінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Қарулы Күштердің бөлімдері мен құралымдарында жауынгерлік оқудың жаңа кезеңі – батальондық тактикалық топтарды даярлау басталды.

"Батальондық тактикалық топтардың құрамындағы сабақтарға 70 сағаттан астам уақыт бөлінеді. Осы сабақтар барысында шабуыл жасау және қорғану тақырыптары, арнайы әскери іс-қимылдар жүргізу, ауданды оқшаулау жөніндегі тапсырмаларды орындау, іздестіру іс-қимылдарын жүргізу, заңсыз қаруланған топтарды жою, маңызды объектілерді күзету, мемлекеттік шекара күзетін күшейту зерделенеді. Батальондық тактикалық топтың оқу-жаттығуы оқудың соңғы кезеңі болып табылады", – деді Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов.

Өскемендегі әскери бөлім басшылығы да бұл ақпаратты растады. Семей горнизонының "Шығыс" полигонында 9-23 қыркүйек аралығында өтетін бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуларына қатысу үшін жеке құрам және әскери техника сол жаққа жеткізіледі. 

Видеоға 27943 әскери бөліміні техникасын полигонға жөнелту сәті түсірілген. 

Оқи отырыңыз: Қазақстанның ауасы ең лас қалалары аталды

 

Қоғам