Білім

Студенттер оқумен емес, пәтер ақысын төлеумен әлек болып жүр - депутат

Ернұр Бейсенбаев үкіметке депутаттық сауал жолдап, шұғыл жатақхана мәселесін реттеудің жолын қарастыру керектігін ескертті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек — Sputnik. Студенттер оқумен емес, пәтер ақысын төлеумен әлек болып жүр, дейді мәжілісмен Ернұр Бейсенбаев.

Ол үкіметке депутаттық сауал жолдап, шұғыл жатақхана мәселесін реттеудің жолын қарастыру керектігін ескертті, деп хабарлады aibat.kz.

Оның айтуынша, мәселе шешілмесе алыс аймақтарда білім іздеп келген жастардың далада түнейтін түрі бар.

Себебі жатақханаларда орын тапшы. Ал пәтер жалдау құны жоғары болғандықтан, көбінің қалтасы мұны көтере бермейді. Қазір 80 мың студент жатақханаға мұқтаж.

Депутаттың келтірген мәліметіне сәйкес, Қазақстанда жаңа оқу жылын 1,1 млн студент бастапты. Алайда оның тек 15 проценті, яғни 169 мыңы ғана жатақханамен қамтылған.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырмаған студенттерге жатақхана берілмейді – жаңа қаулы