Қоғам

Вакцина салдырмаған студенттерге жатақхана берілмейді – жаңа қаулы

© Photo : vidhyarthidarpanАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2021
Жазылу
Білім беру ұйымдарына Ashyq қосымшасы арқылы ғана кіруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, вакцина алмаған студенттерге жатақханаға орналасуға тыйым салынады. Алайда бұл шектеу 18 жасқа толмаған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және коронавируспен ауырып шыққан студенттерге қатысты емес.

"Бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцина алған студенттер (18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы үш ай ішінде коронавируспен ауырған студенттерді жатақханаға орналастыруға жол беріледі) жатақханаға орналастырылсын", - делінген қаулы мәтінінде.

Сонымен бірге студенттерге университетке Ashyq қосымшасы арқылы кіруге рұқсат етіледі. Бұдан бөлек ұстаздардың, персонал мен білім алушылардың дене қызуы күн сайын өлшенеді.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Жаңалықтар
0