Экономика

Қазақстан Ресейге қатынайтын әуе рейстерін үш есе арттырады

Екі ел арасындағы тұрақты рейстер Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағандыдан Мәскеуге қатынайтын бағыт бойынша ұлғайтылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан территориясында коронавирусты инфекцияның пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстерінің санын үш есе, яғни аптасына 11-ден 33-ке дейін арттыруға рұқсат берді.

"Ұшулар жиілігін арттыруды ресейлік тарап та, атап айтсақ, Ресей Федерациясының территориясында жаңа коронавирусты инфекцияның кіруінің және таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб мақұлдауы керек", - деді индустрия министрлігінде.

РФ Көлік министрлігі Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясат департаменті және Федералды әуе көлігі агенттігі (Росавиация) Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігінің осы мәселе бойынша бастамасын қолдайды, деп жазылған хабарламада.

Ресей оң шешім қабылдаса, екі ел арасындағы тұрақты рейстер Нұр-Сұлтан - Мәскеу, Алматы - Мәскеу, Шымкент - Мәскеу және Қарағанды – Мәскеу бағдары бойынша орындалады.

Қазақстан тарапынан рейстерді Air Astana және SCAT әуе компаниялары жүзеге асырады.

Оқи отырыңыз: Түркия ел аумағына кіретін 12 жасқа дейінгі балалар үшін ПТР-тестті алып тастады