Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік енді жексенбі күндері де жүреді

Бұған дейін автобустар жексенбі жүрмейтін
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік  жексенбі күндері де жүретін болды.

Енді қоғамдық көлік аптаның барлық күні сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін штаттық режимде жүреді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Айта кетері, дезинфекция жұмыстары тұрақты жалғасуда, автобустар күн сайын өңделіп тұрады.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда бүгіннен бастап автобус жолағы алынып тасталды

Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз: көлік картасымен немесе QR-кодты сканерлеу арқылы төленеді.

Бұған дейін сенбі күндері автобустардың қозғалысына рұқсат етілген болатын. Ал жексенбі қоғамдық көлік жүрмейтін.