НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жексенбі күндері де жүретін болды.
Енді қоғамдық көлік аптаның барлық күні сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін штаттық режимде жүреді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Айта кетері, дезинфекция жұмыстары тұрақты жалғасуда, автобустар күн сайын өңделіп тұрады.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда бүгіннен бастап автобус жолағы алынып тасталды
Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз: көлік картасымен немесе QR-кодты сканерлеу арқылы төленеді.
Бұған дейін сенбі күндері автобустардың қозғалысына рұқсат етілген болатын. Ал жексенбі қоғамдық көлік жүрмейтін.