Қоғам

Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі өзгереді

Бұрын емтиханның бірін тапсыра алмаған адам келесі күні тағы шақырылатын. Ал жаңа бұйрықтың жобасына сәйкес, қайта тапсыру үшін арада кем дегенде бір күн уақыт өту керек
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек –  Sputnik. Ішкі істер және цифрлық даму министрліктері бірлескен бұйрық шығарды. Соның негізінде "Әртүрлі санаттағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алуға теориялық және практикалық емтихандарды қабылдауды оңтайландыру" пилоттық жобасы қолға алынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" сайтында қоғамдық талқылауға шығарылып отыр. Ал пилоттық жобаны 2021 жылдың 1 қазанынан бастап 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін іске асыру жоспарланған.

Жаңа өзгерістер енгізілді: қазақстандық жүргізушілер нені білуге тиіс

Жүргізуші куәлігін алу үшін алдымен теориялық, одан кейін практикалық емтихан тапсыру керек. Бұрын емтиханның бірін тапсыра алмаған адам келесі күні тағы шақырылатын. Ал жаңа бұйрықтың жобасына сәйкес, қайта тапсыру үшін арада кем дегенде бір күн уақыт өту керек, бұл екі емтиханға да (теориялық және практикалық) қатысты.  

Сондай-ақ, теориялық емтиханды тапсыруға бір күн қалғанда электронды үкімет порталы арқылы өтініш беріп, нақты күнін, уақытын және орнын таңдауға мүмкіндік бар.

Бірлескен бұйрықтың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.