04:44 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
11537 0 0

Қаулыда механикалық көлік жүргізушілері өзімен бірге қандай құжаттарды алып жүруге міндеттелетіні көрсетілген

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Үкімет қаулысымен жол жүру ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілді.

Оған сәйкес, енді механикалық көлік жүргізушісі өзімен бірге мына құжаттарды алып жүруге міндетті:

  • жеке басын куәландыратын құжатымен бірге Қазақстанда берілгендерді қоспағанда, көлікті басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігін немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлікті;
  • Қазақстанда берілгендерді қоспағанда, көлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе көлікке меншік құқығын куәландыратын құжатты;

Жүргізушіге:

  • өзімен бірге жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда, Қазақстанда берілгендерді қоспағанда, көлікті жүргізуші куәлігінсіз немесе уақытша куәліксіз басқаруға;
  • мас, реакциясы мен назарын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерінде тұрған, сырқат немесе шаршаңқы күйдегі адамдарға көлікті жүргізуге беруге;
  • өзімен бірге осы санаттағы көлікті басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігі жоқ немесе жол (маршрут) парағында көрсетілмеген адамдарға немесе көлікті басқару құқығы жоқ немесе басқару құқығынан айырылған адамдарға көлікті жүргізуге беруге тыйым салынады.

Сондай-ақ қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдақ маягі мына көліктерде іске қосылады:

  • жол салу, жөндеу немесе қалпына келтіру жұмыстарын орындау, бұзылған, зақымдалған және басқа да көліктерді тиеу және тасымалдау кезінде;
  • салмағы ауыр, ірі габаритті жүктерді тасымалдайтын көліктерде; салмағы ауыр, ірі габаритті және қауіпті жүктерді сүйемелдейтін көліктерде;
  • ұйымдасқан балалар тобын тасымалдауға арналған автобустарда;
  • күзетілетін нысандарға баратын жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет ету мобильді топтарының көлігінде;
  • жолдағы көліктік бақылау органдарының жылжымалы бақылау-өткізу пунктерінің көліктерінде;
  • жолға шыққан инкассация қызметінің арнайы көліктерінде;
  • ұйымдасқан велосипедшілер тобымен бірге жүретін көліктерде;
  • өсімдік және жануарлар дүниесін қорғау саласындағы заңбұзушылықтардың жолын кесу қызметін жүзеге асыратын көліктерде.

Көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізіміне экология министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бөлімшелерінің көліктері қосылды.

Қаулы осы жылдың 14 мамырында күшіне енеді.

Кілт сөздер:
көлік, жүргізуші
Загрузка...

Басты тақырып