Қоғам

Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш ашылды

Ескерткіш Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының алдына орнатылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ескерткіш Қабанбай батыр даңғылындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының алдына орнатылды.

Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш ашылды

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері, Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров биыл 2 тамызда 70 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш ашылды

1980 жылы Мәскеу Олимпиадасынан кейін Жақсылық Үшкемпіровтің есімі Қазақстанның спорт тарихында алтын әріптермен жазылды. Ол – грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ. Спортшының қазасына байланысты Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және бірқатар мемлекет қайраткері көңіл айтты.