Қоғам

Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш ашылды

© Sputnik / Абзал КалиевПамятник Жаксылыку Ушкемпирову в Нур-Султане
Памятник Жаксылыку Ушкемпирову в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Жазылу
Ескерткіш Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының алдына орнатылды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ескерткіш Қабанбай батыр даңғылындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының алдына орнатылды.

© Sputnik / Абзал Калиев Жақсылық Үшкемпіровтің ескерткіші
Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Жақсылық Үшкемпіровтің ескерткіші

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері, Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров биыл 2 тамызда 70 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

© Sputnik / Абзал КалиевЕскерткіш Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының алдына орнатылды
Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Ескерткіш Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының алдына орнатылды

1980 жылы Мәскеу Олимпиадасынан кейін Жақсылық Үшкемпіровтің есімі Қазақстанның спорт тарихында алтын әріптермен жазылды. Ол – грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ. Спортшының қазасына байланысты Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және бірқатар мемлекет қайраткері көңіл айтты. 

Жаңалықтар
0