НҰР -СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі әлеуметтік желіде тараған Түркия Қазақстанда шығарылған QazVac вакцинасын мойындамайды деген ақпаратқа түсініктеме берді.
"Қазақстанның білім және ғылым министрлігі Түрік Республикасының отандық "QazVac" вакцинасын мойындамайтындығы туралы әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратты растамайды. Ведомствоға мұндай ақпарат келіп түскен жоқ", - деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде отандық QazVac вакцинасын алған қазақстандық туристерді коронавирусқа қарсы ПТР-тест анықтамасынсыз Түркияға кіргізбейтіні туралы хабар тараған болатын. Басқа вакциналарды салдырған қазақстандықтарда мұндай проблема болмаған көрінеді.