Денсаулық

Отандық QazVac вакцинасы дельта штамға лайықталып жасалады

© Photo : Официальный сайт премьер-министра Казахстанаотандық QazCovid-in вакцинасын сынау
отандық QazCovid-in вакцинасын сынау  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Жазылу
Алдағы күндері QazVac вакцинасының штамдық құрамын өзгертуге ресми рұқсат беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек — Sputnik. Отандық QazVac вакцинасын жасаушылардың бірі, Биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария ғалымдардың QazVac вакцинасына дельта штаммен күресуге қауқарлы болу үшін штамдық өзгерістер енгізгенін хабарлады.

"Дельта штамға келер болсақ, онымен жұмыс үкімет тапсырмасы бойынша жаңа штамм ел аумағында пайда болғанда-ақ басталған. Клиникалық сынамаларға дейінгі зерттеулер жануарларға жасалды. Және штамдық өзгерістер жақсы нәтиже көрсетті", - деді ол.

Оның айтуынша, зерттеу нәтижелерінің қорытындысы туралы мәлімет денсаулық сақтау министрлігіне жолданды.

"Министрлік қазіргі қиын жағдайда теңдессіз қадамдар жасауда. Денсаулық сақтау ұйымымен ақылдаспай, грипптік вакциналар тәжірибесін негізге ала отырып алдағы күндері бізге штамдық құрамды өзгертуге ресми рұқсат береді. Уханьдық штамды дельта штамға алмастырамыз", - деді ол.

Сонымен қатар ол құрамы өзгерген жаңа вакцинаны институт ғалымдары өздері қабылдап, сынақтан өткізгенін атап өтті. 

"Тәуекел нәтиже берді. Тиімді вакцина жасалды. Жуық арада ол өндіріліп, қолданысқа шығады", - деп атап өтті Күнсұлу Закария.

Оқи отырыңыз: Вакцина алмаған қызметкерлерді жұмысқа жіберуді шектеу туралы қаулы жарияланды

Жаңалықтар
0