Спорт

Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады

Жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтярев ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен наградталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек –  Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

Құжат Ақорда сайтында жарияланды.

"Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін "Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті" ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Давид Мамиевич Дегтярев ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен наградталсын", - делінген жарлық мәтінінде.

Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Әнуар Сариев "Парасат" орденін кеудесіне тақты.

Нұрдәулет Жұмағали "Құрмет" орденімен марапатталды.  
Еске сала кетейік, қазақстандық Давид Дегтярев (пауэрлифтинг) 54 келіге дейінгі салмақта алтын алды, ол 174 килограмдық зілтемірді көтерді.

Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады

Дзюдошылар Зарина Байбатина, Әнуар Сариев және Теміржан Дәулет күміс медаль иеленді.

Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады

Жүзуші Нұрдәулет Жұмағали Қазақстан қоржынына "қола" салды.

Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады

Жалпы ел құрамасы Паралимпиада ойындарында бес медаль жеңіп алды.