Спорт

Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады

© Photo : Департамент по маркетингу и коммуникациям Национального Паралимпийского Комитета Республики КазахстанДавид Дегтярев
Давид Дегтярев - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Жазылу
Жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтярев ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен наградталды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек –  Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

Құжат Ақорда сайтында жарияланды.

"Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін "Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті" ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Давид Мамиевич Дегтярев ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен наградталсын", - делінген жарлық мәтінінде.

Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Әнуар Сариев "Парасат" орденін кеудесіне тақты.

Нұрдәулет Жұмағали "Құрмет" орденімен марапатталды.  
Еске сала кетейік, қазақстандық Давид Дегтярев (пауэрлифтинг) 54 келіге дейінгі салмақта алтын алды, ол 174 килограмдық зілтемірді көтерді.

© Photo : Paralympic.kzПаралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтярев
Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтярев

Дзюдошылар Зарина Байбатина, Әнуар Сариев және Теміржан Дәулет күміс медаль иеленді.

© REUTERS / THOMAS PETERДзюдошы Әнуар Сариев
Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Дзюдошы Әнуар Сариев

Жүзуші Нұрдәулет Жұмағали Қазақстан қоржынына "қола" салды.

© Photo : Пресс-служба Национального Олимпийского комитета КазахстанаНұрдәулет Жұмағали Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері атанды
Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Нұрдәулет Жұмағали Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері атанды

Жалпы ел құрамасы Паралимпиада ойындарында бес медаль жеңіп алды.
 
 
 
 

Жаңалықтар
0